Нәсіп сауда ислам.
4 – «Ислам діні адамнан таңдау еркіндігін алып қойған, барлық нәрсені «Тағдыр»-ға, «Нәсіп»-ке байланыстырып, адамдарды ештеңе істемейтін, жалқау күйге түсіруде» екен.
Бұл да толығымен қате пікір. Ислам діні адамдарға әрдайым еңбек ету, ақылын дұрыс қолдану, әр түрлі жаңалықтарды үйрену, жетістікке қол жеткізу үшін барлық шараны қолдану және ешқашан шаршамауды, жалықпауды әмір етуде. Аллаһу та’ала құлдарынан өз істеріне, қабілеттеріне қарай шешім қабылдауын және бұл істерді соған қарай жасауын әмір етуде.
Нәсіп сөзінің мағынасы мүлдем басқаша. Мұсылман адам қандай да бір істе ақылын қолданып, барлық шараларын орындап, бар күшін салып еңбек еткеннен кейін де жетістікке жете алмаса, бұған ренжімеуі керек, бұл нәтиженің Аллаһу та’аланың өзіне лайықты деп санаған мәселе екенін қабылдап, нәсібіне разы болуы керек. Әйтпесе ештеңе істемей, еңбектенбей, үйренбей және білмей бос отырып, аузын аспанға қарай ашып нәсібін күтіп отыру Ислам дінінде жоқ. Бұлай жасау үлкен күнә. Аллаһу та’ала Нәжм сүресінің 39-шы аятында «Адамға[ахиретте] тек дүниеде еңбектеніп,[ықыласпен] жасаған істері ғана пайда береді» делінген. Төменде Ислам дініндегі білім мен ғылым жайлы айтқан кезде мұсылмандардың үйренуге және еңбектенуге қаншалықты мән беретінін көреміз.
Адамдар кейде барлық қажетті шараны атқарса да және көп еңбектенген болса да, қалағандарына қол жеткізе алмайды. Міне, осы кезде бұл істе өз қолында болмаған бір құдіреттің бар екенін және бұл құдірет адамдардың өмірі мен жетістіктеріне әсер ететіндігін және оларға бағыт беретінін қабылдайды. Міне, нәсіп (тағдыр) деген осы. Нәсіп (тағдыр), сондай-ақ, үлкен жұбаныш қайнары. «Мен міндетімді орындадым, бірақ қайтейін, нәсіп болмады» деген мұсылман бір істе жетістікке жете алмаса да, үмітсіздікке түспейді және көңілі тыныш күйде еңбектенуін жалғастырады. Инширах сүресінің 5-ші аяты мен жалғасында:«Қиындықпен бірге, күмәнсіз, бір жеңілдік бар. Иә, міндетті түрде қиындықпен бірге жеңілдік бар. Олай болса, бір істі бітіргеннен соң басқасына кіріс және қажеттілігіңді тек Раббыңнан сұра»делінген. Мұның мағынасы, сәтсіздіктен үмітсіздікке түспей, еңбек етуді жалғастыру керектігі. Алайда, тек материалдық негіздерге мән беретін басқа діннің ұстанушысы немесе ешбір дінге сенбейтін адам, осындай бір жағдайда үмітін, батылдығын, жұмысқа деген құштарлығын жоғалтады және ендігәрі жұмыс істей алмайтын жағдайға түседі. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бүкіл әлем «Нәсіп»-ке сене бастады. Көптеген Еуропа және Америка басылымдарында: «Мұсылмандардың нәсіп деген нәрселері өте дұрыс нәрсе екен. Қанша тырыссақ та, оқиғаны өзгерту мүмкін емес» деп жазылған. Бір пәлекетке душар болған, жақсы көретін адамдарынан, мал-мүлкінен айрылған адам тек тағдырға, нәсіпке сену арқылы және Аллаһу та’алаға «Тәуекел»ету арқылы ғана жұбаныш тауып, қайтадан өмірін жалғастырады. Тәуекел – ең үлкен жұбаныш көзі. Бірақ, тағы да қайталайық, тәуекел етуден бұрын Ислам дінінің әмірлеріне мойынсұну, ақылды толық қолдану, барлық шараларын орындау арқылы барлық дерттің дауасын іздеу керек.
5 – «Ислам діні пайызға (өсімге) тыйым салуда, осылайша әлемде қазіргі таңда құрылған экономикалық жүйенің сыртында қалуда» екен.
Бұл да толығымен қате бір пікір. Ислам діні табыс табуға емес, қарыз беруге емес, өсімқорлыққа, қарыз алушыларды қинауға тыйым салады. Әйтпесе тек сауда-саттық мақсатымен және дұрыс жолмен келгентабысқа Ислам тыйым салмайды,керісінше мұны қолдайды және бұған шақырады. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм): «Аллаһу та’ала саудагерді жақсы көреді, саудагер Оның сүйікті құлы» деген және өзі де саудамен айналысқан. Жеке өзі жұмыс істей алмайтын адам ақшасын досына немесе бір фирмаға аманатқа беріп, келгентабысқа ортақ болуы Исламның сауда-саттық үкімінде маңызды орын алады. Адамның пайызсыз (өсімсіз) сауда-саттықістерінен пайда түсіретін банктен алған үлесі толықтай халал болып табылады.Пайызсыз жұмыс істейтін банктер және олардың пайдалары «Сәадат-и Әбәдийа»кітабымызда кеңінен жазылған. Ислам дінітыйым салған пайыздың Тауратта да харам етілгендігі Маида сүресінде айтылған. Расында, Таураттың Тәснийабөлімінің 23-ші бабы, 19-шы, 20-шыаяттарында: «Дін бауырыңа ештеңені пайызбен берме! Өзге ұлттағы адамға пайызбен беруіңе болады» деп жазылған.
Комментарии
Отправить комментарий